Қол күресінің жеңімпаздары

28-30 қыркүйекте Үштөбе қаласында өткен қол күресінен Жетісу облысының чемпионатында текелілік спортшылар жеңіс тұғырына көтерілді.
Қол күресінің жеңімпаздары

Аталған жарысқа облыстың барлық аудан, қалаларынан жас спортшылар қатысты. Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде армрестлингтен жаттықтырушы Галина Крючкова баптаған шәкірттер алдына жан салмады. Текелілік 28 спортшының алтауы 1-орын, тоғызы 2-орын, екеуі 3-орын иеленді. Атап айтсақ, Арина Уткина, Олеся Бубнова, Адэль Болбаева, Алиса Верискунова, Тимур Аман-
баев, Евгений Шкарпетин 1-орын, Алина Молбаева, Ажар Сүлейменова, Алина Неймышева, Данил Малаховский, Алдияр Кадыров, Степан Липунов, Максим Артамонов, Евгений Борисенко, Алена Тимофеева 2-орын, Илья Ким, Давыд Самороков 3-орын алды. Текелі командасы жалпыкомандалық есепте 1-орыннан көрінді.

Жаттықтырушы Г.Крючкованың айтуын-ша, алдағы күндерде Сарқан ауданында өтетін жарыста 20 спортшы қол күресінен спорт шебері атағы үшін бақ сынайды. Ал 17 қарашада текелілік 4 спортшы Азия кубогы додасында ел намысын қорғайды.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.