Сот дауындағы медиация

​Қазіргі кезде сот жүйесінде адамдар арасындағы туындаған дауларды соттан тыс шешудегі медиацияның ерекшеліктері кеңінен қолданыла бастады. Тараптар дауларын бітімгершілікке келісім жолымен, медиация тәртібімен немесе партисипативтік рәсім тәртібімен, яғни, Кодексте белгіленген өзге де тәртіп бойынша реттей алады.
Сот дауындағы медиация

Барлық кезде таңдау құқығы тараптарда қалады. Азаматтық-процессуалдық кодесте татуластыру рәсімін өткізу құқығы адвокаттарға бекітілген. «Адвокаттық қызмет туралы» заңда партисипативтік тәртіпті адвокаттардың жүргізуі көзделген. Оның мәні сонда, егер бір тарап дауды шешуде адвокаттың көмегіне жүгінген жағдайда, оған, екінші тараптың адвокатымен дауды келісіммен реттеу тетіктерін анықтау туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл жағдайда екі жақтың адвокаттары дауды шешудің тиімді және тараптарды қанағаттандыратын тетіктерін талқылап, өздері қорғап жатқан азаматтарға ұсынады. Демек, сотқа жүгінбей тұрып, тараптар осы рәсімнен өтіп, келісімге қол жеткізе алмаған жағдайда сотқа жүгінуіне болады. Мұндай мән-жайларда, сот оны өткізу барысындағы алынған құжаттар мен дәлелдемелерді ұсынуды тараптарға міндеттейді. Бұл сот талқылауына дайындықты едәуір жеңілдетеді және оны өткізу мерзімін қысқартады.

Тек шешім шығара салуға қарағанда тараптарды қандай да болсын келісімге келтіру анағұрлым қиын. Азаматтық-процессуалдық кодексте медиаторларды, адвокаттарды қатыстырумен татуластыру рәсімін қолдануды кеңейту өздерінің дауларын бейбіт жолмен шешетін адамдар қатарын арттыруға септігін тигізеді. Соған байланысты тұрғындар арасында татуластыру рәсімі туралы түсінік жұмыстарын жүргізу біз үшін өте маңызды.

Халқымыздың бірлігі мен тұтастығын сақтау саясатын және сот жүйесінде медиация институтын дамыту мақсатында, дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтының қолдану аясын кеңейту мақсатында қолданыстағы бітімгершілік рәсімдерді дамыту, дауларды реттеу және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Осы бағытты дамыту, істің аяғын осындай жолмен түйіндеуге туғызылатын мүмкіндік туралы тараптарға түсінік жұмыстарын жүргізуді, артықшылығы өзара ынтымақтастық, кәсіпкерлік субьектілер мен қоғамда әлеуметтік сауықтыру арасында іскерлік, серіктестік қатынасты сақтау болып табылатын құқықтық дауларды (жанжалдарды) шешудің баламалы тәсілі ретінде татуластыру рәсімін жаппай тарату және белсенді қолдану мәселелері жөнінде шаралар өткізуді жалғастыра беру жөн деп санаймын.

Меруерт Еселбаева, Текелі қалалық сотының жетекші маманы

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.