Жетісуда экологиялық жағдай тұрақты

Басқа өңірлермен салыстырғанда Жетісу облысындағы экологиялық жағдай тұрақты. Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша Талдықорған және Текелі қалаларының атмосфералық ауасының ластану деңгейі – төмен. Өңірде табиғатты қорғау шараларын жүйелі жүзеге асырудың арқасында бірқатар көрсеткіштер оң нәтиже берген. Бұл туралы баспасөз брифингінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.
Жетісуда экологиялық жағдай тұрақты

Елімізде экологиялық жағдайды жақсарту үшін өткен жылы жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бекітілді. Сондай-ақ, 2020 жылы өңірлер бөлінісінде экожүйені жақсарту жөніндегі Жол карталары бекітіліп, іске асырылуда.

Жол картасы шеңберінде Жетісу облысында 6 іс-шара қолға алынған. Спикер бірқатар маңызды салаларға арнайы тоқталды.

Геология саласында, Жетісу облысында 5 жылдық кезеңде 23,1 мың шаршы шақырым алаңда жер қойнауына өңірлік геологиялық зерттеу жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар геологиялық барлау жұмыстарының кейінгі кезеңдерін жүргізу және геологиялық барлауға инвестициялар тарту үшін Қазақстан аумағының перспективаларын бағалай отырып, геологиялық қамту карталарын жасауға мүмкіндік береді.

Спикердің мәлімдеуінше, су шаруашылығына қатысты да өңірде оң өзгерістер көзделген. 2025 жылдың соңына дейін 1 гидротехникалық құрылысты қайта құру көзделген. Бұл Қызылағаш су қоймасы, ол бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау үшін мердігер анықталған.

Орман шаруашылығында Президент бастамасы бойынша Жетісу облысында 2,4 мың гектар алқапқа 5,5 млн. дана отырғызу жоспарлануда.

«Министрлік балық саласын дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Саланы дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес, келесі жылы жалпы қуаттылығы 400 тоннаға жуық бағалы балықтарды өсіру бойынша 10 көл-тауарлық балық өсіру шаруашылықтары құрылады әрі бақтақ өсіру бойынша торлы тоған форель өсіру шаруашылығын құруға 600 млн. теңге жеке инвестиция тарту жоспарлануда», - дейді Серікқали Аманғалиұлы.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.