Ұлттың ұлық мерекесі

Республика күнін ұлттық мереке ретінде тойлайтынымызды естіп шын қуандық. Бұл ұлт болып ұйысып, елдігіміздің еңсесін биіктете түсу үшін, ұлттық рухымызды қанаттандыру үшін керек.
Ұлттың ұлық мерекесі

1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданып, өз алдына жеке мемлекет, тәуелсіз республика болудың батыл қадамы жасалды. Бұл – нағыз тарихи дата. Ал тарихымызды, еліміздің жүріп өткен жолын, тарихтың жарқын беттерін дүйім халық, әсіресе, жастар жадынан шығармауға тиіс. Республика күнін барша қазақстандық отаншылдықтың, татулық пен бірліктің ерен үлгісін көрсете отырып атап өтеді деп сенемін. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнінде азат күнге құлаш ұрып, осы жолда қажыр-қайратын, жанын аямаған тұлғаларға тағзым етсек, тарихын шынайы таразылайтын, өткенін бағалайтын есті ұрпақтың қалыбын танытар едік.

Ұлттық мерекенің мәні тереңде. Ендеше, егемендігіміздің тұғыры мықты, ел еңсесі биік, ұлттық құндылықтарымыз ұлық, сөзіміз де, ісіміз де тұнық болсын деп тілеймін.

Мырзахмет МҮКАМАНОВ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.