Менің арманымдағы Қазақстан

Менің арманымдағы Қазақстан... Шіркін, адамның қиялында шек болмайды ғой. Әр адамның өз арманы бар. Ал енді өз арманыма тоқталсам...
Менің арманымдағы Қазақстан

Ең алдымен, сапалы да терең білім алсам деймін. Сол мақсатта сабағымды үнемі жақсы оқуға тырысамын. Оқуды ойдағыдай аяқтаған соң, еліме септігімді тигізер мамандық иесі болсам деймін. Сондай-ақ, ағылшын тілін үйреніп, еркін сөйлейтін боламын. Себебі, еліміз барлық салада өркендеп, әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіруі үшін өз пайдамның тигенін қалаймын.

Тарихқа үңілгенде кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз деген ойға қаласың. Бұл – туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір адамзаттың жүрек түпкіріндегі сөзі. Менің арманымдағы Қазақстанда көп зорлық-зомбылық болмаса екен. Жағдайы төмен адамдарға көмектесіп, адамдардың бәрі тең болса деп армандаймын. Біз болашақ Қазақстанды өз қалағанымыздай ғажайып мекен етсек екен. Келешекте баспана мәселесі болмауын қалаймын. Біздің елдің жері кең әрі шұрайлы. Сондықтан, игерілмеген жерлер игеріліп, халыққа берілсе дұрыс болар еді. Осындай кең байтақ ұлы даламызда бірде-бір қазақ үйсіз жүрмеуі керек. Және де бизнес сабағы бастауыштан оқытылғанын құп көремін. Бізде білім бар, алайда қаржылық сауаттылықтан ақсап жатамыз. Дене шынықтыру сабағында тек жаттығу жасап қоймай, арнайы оқулықпен оқысақ деймін. Егер кітап басып шығарылса, қай жат-
тығу не үшін пайдалы екенін тереңінен ұғар едік. Менің ойымша, біз бала кезден деніміз сау, есепке жүйрік, қаржылай сауатты болсақ, кез келген сала-ны дамыта аламыз.

Мағжан сенген өткен ғасыр жастарға,

Жас өренсіз қоғам өрге басқан ба?

Елің саған сенім артып, жебейді

Өрле, жастар, қай салада жасқанба,– демекші, еліміз жастардан көп үміт күтеді. Әрине, ауызбен айту оңай, іспен орындау қиын. Бірақ, мен жоғарыда айтып кеткен мәселелерді орындауға өз үлесімді қосатыныма сенімдімін. Өйткені, әр адам өз елінің өркендеуі үшін үлес қосуға міндетті. Менің арманымдағы Қазақстан мықты дамыған елдердің қатарында болатыны анық.

Диляра МАРАТҚЫЗЫ, №7 орта мектебінің 7 сынып оқушысы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.