Құрметті текеліліктер!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті текеліліктер!

Ата заң – тұрақтылық пен келісімнің сенімді кепілі. Оның әр бабы, әр тармағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени тұрғыда дамуына мүмкіндік тудырып отыр.

Негізгі Заң аясында құқықтық демократиялық мемлекет, мақсаты биік, әлемдік қауымдастықта беделді Қазақ Елі қалыптасты. Осынау жылдар ішінде бірлік пен татулықты ту еткен еліміз тұрақты дамып, өркендеп келеді.

Қадірменді жерлестер!

Адам құқықтары мен бостан-дықтарына кепіл, ел қауіпсіздігіне қорған болған Ата Заңымыздың айбыны артып, басты құндылықтарымыз – тәуелсіздік пен бірлігіміз жылдан-жылға нығая берсін! Ел іргесі бекем, келешегіміз кемел болсын!

Текелі қаласының  әкімі                 Б.Молдахметов

Қалалық мәслихат хатшысы     Н.Калиновский

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.