Нақты нұсқаулық берілді

Текелі қала-сының прокура-турасы ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жергі-лікті атқарушы органдар және полиция бөлімі атқарған кәмелетке толмағандардың жыныстық тұтастығына қарсы зорлық-зомбылық және меншікке қарсы оқиғалар бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың ықпалдылығы мен заңдылықтың сақталуына байланысты талдау жүргізіп, нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталды.
Нақты нұсқаулық берілді

Қоғам алдында тұрған ең өзекті және әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі, әрине, қылмыс пен құқық бұзушылықтарды азайту жолдарын іздеу болып табылады. Қалалық прокуратура осы үрдісті қолдай отырып, атқарылған жұмыстардың сандық көрсеткіштермен шек-телмей, оның айқын тұстары мен бастамашыл бағытына назар аударады. 
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы жылдарда салыстыр-малы түрде алғанда қала аумағында жалпы қылмыстың тіркелу динамикасында өсу сипаттары байқалады. Атап айтқанда, 2020-2021ж.ж. салыстырғанда 12%-ға (297-ден 338-ге), ал осы жылдың 6 айында 151 (2021ж. 6 айында – 140), яғни, 7,2%-ға өсу орын алды.
«Прокуратура туралы» заңға сәйкес прокуратураның басты міндеттерінің бірі құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың заң-дылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру болып табылады.
28 шілдеде аталған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Текелі қалалық прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына және меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ведомствоаралық жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында аталған мәселелер туралы уәкілетті органдардың баяндамалары тыңдалды. Қорытындысында қала прокуратурасы тарапынан әр мәселе бойынша жеке нақты нұсқаулықтар берілді.
Текелі қаласының прокуратурасы 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.