Құқықты бұзба

Осы аптада үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі мен «Адам және қоғам» қоғамдық бірлес-тігінің ұйымдасты-руымен «Алтын Ша-жа» және «Бастау» лагерінде «Құқық бұ-зушылықтың қоғамға залалы», «Құқықтық сауаттылық» тақыры-бында семинар өтті.
Құқықты бұзба

Қос лагерьде демалып жатқан балалар бір сәт құқық, заң, ереже тақырыбына бойлап, білген-дерімен бөлісті, таным көкжиектерін кеңейтті. Д.Қонаев атындағы Еу-разия заң академиясы азаматтық-құқықтық тәртіп кафедрасының аға оқытушысы, заңгер Айбол Қожатайұлы жалпы құқықбұзушылық түсінігі, оның түрлері, себептері мен салдары, заң алдындағы жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу турасында ой өрбітті. Жасөспірімдер әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтың айырмашылығы жайлы жан-жақты мағлұмат алды. Қазіргі ақпарат ағыны толассыз құйылып жатқан заманның балалары құқық, заң, қылмыс, жаза туралы қилы-қилы пікірлерін ортаға салып, белсенділік танытты. Тіпті, олар заңды білмеу жауапкершілік пен жазадан құтқармайтынын да жарыса айтты. А.Қожа-тайұлы оларға мектепке себепсіз бармаудың, сабақтан қалудың да құқық бұзушылыққа жататынын, он күн себепсіз мектепке бармаған баланың ата-анасы әкімшілік жауап-кершілікке тартылатынын ұғындырды. Ал әкімшілік жауапкершілікке тар-тылған адам мемлекетке айыппұл төлейді. 
«Құқық бұзушылықтың, қылмыстың үлкен-кішісіне қарамай, жазасы бар. Болымсыз құқық бұзу-шылықты елеусіз, жазасыз қалдыруға болмайды. Егер біздің әрқайсымыз кез келген жерге қоқыс тастап кете берсек, үлкен қылмыс емес қой деп, оған ешкім жаза қолданбаса, айналамыз қандай күйде болар еді? Тіпті, кейбір дамыған елдерде әкімші-лік жаза қолданылмайды, құқық бұзған адам бірден қылмыстық жауапкерші-лікке тартылады. Айып-пұлмен құтылып кетпейтінін білетін адам аяғын аңдап басады, құқық бұзушылыққа жол бермейді. Біздің елімізде заң бар, онда әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған»,– деген заңгер балалар 14 жастан қылмыстық жауапкершілікке, 16 жастан бастап әкімшілік жауапкершілікке тарты-латынынын хабардар етті. Екі лагерьде өткен семинар құқықтық сауаттылықтың маңызын тереңдете түсті. Балалардың тарапынан болашақта заңгер, құқық қорғау маманы боламын деушілер табылды. 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.