Жетістік мектебі

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» республикалық байқауында жеңімпаз атанған Текелі қаласын-дағы №2 балабақша тәрбиешісі Айжан Манапқызы Маткаримова Елорда төрінде «ҚР білім және ғылым саласына қосқан ерен еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болды
Жетістік мектебі

Байқауды ұйымдастырған «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы республика бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтарының байқауға өткізген жұмыстарын сараптап, осыған дейінгі жетістіктерін ескерді. І дәрежелі дипломмен марапатталған А.Манапқызы төсбелгімен бірге өзінің өмір-баяны енген «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» кітабын иеленді. 
Он төрт жыл балабақша тәрбиешісі болып, бүлдіршін-дердің жүрек түкпірінен орын алған, олардың тәрбие мен білім баспалдағына алғашқы қадамдары сәтті, танымдары кең болуы үшін барын салған үздік тәрбиешінің ізденіс, қажырға, жаңашылдыққа толы еңбегін әріптестері де, балаларын қолына сеніп тапсыратын ата-аналар да жоғары бағалайды. 
Айжан Манапқызы 1982 жылы Алматы облысы Қарасай ауданында туған. 2000 жылы мектепті «Алтын белгімен» бітірген ол І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің педагогика және мектепке дейінгі тәрбие, оқыту әдістемесі факультетіне оқуға түсіп, мұғалім-тәрбиеші біліктілігін алды. Іле-шала Талдықорған қаласындағы Жетісу экономика институтын қаржы мамандығы бойынша бітірді. Бастапқыда банк сала-сында қызмет істеген Айжанның бүйрегі педагогтық жұмысқа бұрды да тұрды. 2008 жылы 
№2 балабақшаға тәрбиеші болып орналасты. Құштарлықпен айналысқан әр ісі жемісін беріп жатты. Бірде баламен бала болды, бірде мейірімді ана, ұлағатты ұстаз, тіпті кей балаға әже де болды, сайқымазақ, сотқар бала, аяз ата, неше түрлі аң-құстың кейпіне енді. «Балдәурен» санаторлық-сауықтыру тобында тәрбиешілік еткелі әр баланың денсаулық жағдайына, ой-өрісімен қатар, физикалық тұрғыдан жетілуіне ерекше мән берді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, қазіргі уақытта қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын орталықтардың әдістемелік кеңесіне жетекшілік етеді. Қазақ, орыс тілдерінде еркін сөйлейтін тәрбиеші ағылшын тіліне де жүйрік. Бос уақытында әдеби, тарихи кітаптар оқиды, компьютерлік бағдарламаларды да шырқ үйіреді.
Жан-жақты, білікті маман түрлі республикалық, облыс-тық конференцияларға, бай-қауларға, семинар-тренингтерге, олимпиадаларға, коучингтерге қатысып, тәжірибе байытып тұрады. А.Маткаримова облыстық «Педагогикалық оқулар-2015» байқауында «Дарынды тәр-биеші» номинациясын, облыстық «Үздік балабақша тәрбиешісі» байқауынан 1-орын, республикалық «Жаңашыл мұғалім» байқауында «Авторлық жоба» номинациясын, «Мектепке дейінгі білім беру мекеме-леріндегі үздік заманауи сабақ» республикалық сайысынан 1-орын, «Ізденімпаз тәрбиеші» атты республикалық сайысынан 2-орын, республикалық «Тәрбие негізі патриотизмде» атты шығармашылық байқауынан бас жүлде, Қазақстан Республикасы білім беру саласында шығар-машыл, тәжірибелі, ұстаздық еңбегі үшін «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісін, «Bylym-gylym» басылымының «Үздік тәрбиеші» төсбелгісін, республикалық «Үздік педагог» байқауынан 1-орын иеленді.
«Мен педагогикалық білі-мімді шыңдау мақсатында 2005 жылдан бері І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымының канди-даты, ұстазым Анар Капенова және облыстық әдістемелік кабинетпен ынтымақтаса 
жұмыс істеп, бірқатар ав-торлық бағдарламалардың жарыққа шығуына атсалыс-тым. №2 балабақша аясында әдіскер мен жоғары санатты тәрбиешілер бірігіп, «Табысты тәрбиеші» атты педагогтар альянсын құрдық. Тәлімгерлік көмек көрсету мақсатында «Шеберлік баспалдағы» атты жас мамандар мектебі жұмыс істейді. Енді жергілікті әдістемелік кабинетпен ақылдасып, қалалық «Үздік тәрбиешілер» қауымдастығын құру жоспарда бар»,– деген Айжан Манапқызы ұрпақ тәрбиесіне асқан жауапкер-шілікпен қарап келеді. 
Тәрбиешілік міндетіне адал Айжан – көп балалы ана, от-басының ұйытқысы. Өмірлік серігі Асыл Тайыржанұлының үнемі қолдап-қуаттауы оған күш-жігер сыйлап, жаны қа-лаған ісімен шығармашылық еркіндікпен алаңсыз айналы-суына мүмкіндік береді. 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.