Менингококты инфекцияның алдын алу бойынша ескертпе

Текелі қаласы бойынша 2021 жылы менингококк инфекциясы тіркелген жоқ, бұл инфекцияға қысқы-көктемгі маусымдылық тән болғанына қарамастан, сыр-қаттанушылықтың өсуі кез келген жыл мезгілінде байқалуы мүмкін. Сондықтан Текелі қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы менингококк инфекциясының алдын алу мақсатында қысқаша мәлімет береді.
Менингококты инфекцияның алдын алу бойынша ескертпе

Менингококты инфекция – симптомсыз тасымалдаушылықтан, назофарингит (мұрын шырышты қабатымен жұтқыншақтың қабынуы), менингит (ми қабығының қабынуы) және менингококты сепсиске (қанның зақымдануы) дейін әр түрлі клиникалық көріністермен өтетін, бактериялармен шақырылатын жедел жұқпалы ауру.
Инфекция көзі – ауру адамдар мен ешбір клиникалық көріністері жоқ адамдар, яғни «сау тасымал-даушылар».
Инфекцияның берілу жолы – ауа тамшылы (жөтелгенде, сөйлескенде, түшкіргенде). Науқас адаммен немесе тасымалдаушымен ұзақ және тығыз байланыс кезінде (бірге ұйықтау, тамақтану, бірге оқу, тәрбиелену) микроб тыныс жолда-рының шырышты қабаттары арқылы енеді.
Жұқтырудан аурудың басталуына дейін 1-10 күн өтеді. Науқас қоршаған ортаға алғашқы күндерден бастап қауіпті. Балалар, жасөспірімдер, жастар жиі ауырады, себебі бұл 
жаста олар кинотеатрда, түнгі клубтарда көп уақытын өткізеді. Адамдардың көп шоғырлануы, те-мекі шегу, ортақ сусындар пайда-лану қауіпті факторлар қатарына жатады. 
Менингитке тән: қатты бас ауруының кенеттен басталуы, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе, қалты-рау, дене температурасы 39-40 дейін жоғарылауы. Жалпы әлсіздік, арқада және аяқ-қолдарда ауырсыну байқалады.
Маңызды: аурудың жеңіл түрі салыстырмалы түрде қауіпсіз өтетін грипп, ангина, тонзиллит сияқты аурулармен байқалатын өте қауіпті форма болып табылады. Қолайлы жағдай туындағанда менингококк ми қабықтарына өтіп, қабыну тудырады.
Менингококцемия – аурудың ауыр формасы болып табылады. Оған тән симптом: жоғары температура мен интоксикация фонындағы қызыл-қошқыл-көк түсті бөртпе.
Бұл ауру анықталған барлық науқас адамдар жұқпалы ауруханаға жатқызылады.
Қатынаста болған адамдарға 10 күн аралығында медициналық бақылау жүргізіледі. Барлық қатынастағы-ларға антибиотиктермен профи-лактикалық тұрғыда ем қолданы-лады.
Менингиттің алдын алуға қажетті шаралар:
• Катаральды белгілермен (тамақтың қызаруы, дене температурасының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанда қалалық жұқпалы стационарлардың қабылдау бөліміне немесе жақын жердегі емдеу мекемесіне жүгіну қажет;
• Өз бетімен емделумен айналыспау!!!
• Түрлі мәдени – массалық іс – шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды, спорт секциялары мен шараларына қатысуды шектеу;
• Жеке гигиенаны сақтау, дәретханадан кейін және тамақтанудың алдында қолды жуғыш заттармен мұқият жуу. Сусындармен, тағаммен, балмұздақ, кәмпит, сағыздармен алмаспау;
• Бөлмені жиі желдету, ұйымдасқан коллективтерде күнделікті ылғалды тазарту жүргізу;
• Адамдардың жаппай шоғырланған орындарға баруды шектеу;
• Ашық су айдынында шомылу қауіпті, әсіресе кішкен-тай бала үшін, рұқсат етілмеген жерге шомылуды шектеу; 
• Ішуге қайнаған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
• Барлық өнімдерді, жидектер, көкөністер, жемістерді ағынды сумен жуып, қайнаған сумен шаю;
• Арнайы алдын алу менингококты вакцинамен жүргізіледі.
Ауруды әрқашан емдегеннен көрі алдын алған жеңіл екендігін есте сақтау қажет! Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздеңіздер. 
Е. Целищева, ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директоры 
Б. Мукашева, «Текелі қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысының м.а. 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.