Көмір алып қойыңыз

Күн суығанда үйді жылытудың қамын бүгіннен ойлаған жөн. Текелідегі көмір қоймасында қазіргі уақытта 1 мың тонна көмір бар. Жақын арада 15 мың тонна көмір жеткізілмек.
Көмір алып қойыңыз

Күн суығанда үйді жылытудың қамын бүгіннен ойлаған жөн. Текелідегі көмір қоймасында қазіргі уақытта 1 мың тонна көмір бар. Жақын арада
15 мың тонна көмір жеткізілмек.

Тұрғындар көмірден таршылық көрмеу үшін ахуалды көзбен көрген Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов көмір қоймасына барып, «Рустамов» ЖШС директоры Халим Рустамовпен кездесті. Серіктестік басшысының айтуынша, биыл жыл басынан текеліліктерге 10 мың тонна көмір сатылған. Қала бойынша жалпы қажеттілік – 20-25 мың тонна көмір. Қоймада тоннасы 15 мың теңгеден Семейдің (Қаражыра) және 15 500 теңгеден Шұбаркөлдің сұрыпталған көмірі бар. Сапасы жақсы, ірілеу әрі құрғақ. Сондықтан, ол тұрғындардың ертерек қимылдап, көмірді қазір алып қойғандары дұрыс екенін айтты.

Күзге салым халық жапа-тармағай көмір сатып ала бастағанда қоймаларда көмір жетіспеушілігі туындайды. Алдыңғы жылдардағы осындай келеңсіздіктер қайталанбас үшін тұрғындар жаңбыр басталып, күн суытқанын күтпегені жөн. Шевченко көшесі, 51 мекенжайындағы көмір қоймасына келіп немесе 4-57-70 телефон нөміріне хабарласып, көмір сатып алудың жай-күйін білуге болады. Сонымен қатар, қойма басшысы Х.Рустамов (ұялы тел. нөмірі 87018002200) та тұрғындарға қара отын алу бойынша жөн сілтеуге дайын.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.