Қаратал өзенінің оң жағалауын бекіту

Қаратал өзенінің оң жағалауы құлпыра түспек. Бұл туралы шаһар басшысы Әсет Масабаев баспасөз мәслихатында айтып берді.
Қаратал өзенінің оң жағалауын бекіту

Айтуынша, өткен жылы  «Қаратал өзенінің оң жағалауы» жаңа шағын ауданын жоспарлау жобасы бекітілген. Бүгінде магистральдық инженерлік желілерді салу, 10 үй, IT-лицей, оңалту орталығы, сот сараптамалық институтының  құрылысын бастау үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

«Қазір басты мәселе жаңа шағын ауданды  жылумен, сумен жабдықтау, кәріз желілерін қосу үшін қуат жеткіліксіз. Алдағы уақытта қазандықтардың санын көбейтіп, су мұнараларын салу қажет. Сонымен қатар, инженерлік желілерді салу үшін жоблық сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаражат қажет. Тиісті инженерлік желілерге жер учаскелерін бөлу мақсатында жоспарлау жобасын өзгерту керек»,- деді қала әкімі Әсет Масабаев.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.