5 айда ҚХР-дан елімізге 7523 тонна аяқ киім жеткізілген

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Баймолдинов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ЕАЭО елдеріндегі тауарлардың таңбалануы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
5 айда ҚХР-дан елімізге 7523 тонна аяқ киім жеткізілген

2019 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР № 230-VI Заңымен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тауарларды таңбалау туралы келісім ратификацияланды. Ол сұр айналымды барынша азайтып, ЕАЭО-дағы тауарлар айналымына бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұтынушылар сатып алынған тауарлардың заңды екеніне кепілдік алады. Тауарларды таңбалау ЕАЭО елдерінде өзара мойындатылып, таңбаланған қазақстандық өнімді Ресейге, Қырғыз еліне, Беларусь пен Арменияға экспорттауға мүмкіндік береді. Елімізде аяқ киімді цифрлық таңбалау алғашқылардың ірі боп енгізілді. Оған нарықтағы контрафактілік деңгей себеп болған. Ал, аяқ киімнің сандық таңбалануы контарафактіден тазартуға өз ықпалын тигізбек.  Сонымен қатар қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік бермек.

«Таңбалануға СЭҚ ТН6401, 6402, 6403, 6404, 6405 кодтарына сәйкес келетін аяқ киімнің барлық түрлері жатады. Біз ең алдымен  аяқ киім өнеркәсібін таңбалаудан бастадық. Өйткені дәл осы салада Қазақстан аумағы бойынша контрафакті көптеп анықталуда. Артықшылығы сол бұл көлеңкелі бизнеспен күресті күшейтпек. Тауар шекарадан   өткен кезде, егер тауар таңбаланбаған болса, ол кеден қоймаларына орналастырылады және қоймалардан шығу да бақыланады. Мақсаымыз өнімді өткізу кезінде артық делдалдардың болмауы», - деп атап өтті спикер.

Айта кетерлігі ақ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылдың 1-ші қарашасынан бастап енгізлген. Қазір  2021 жылдың 1-ші қарашасына дейін әкелінген тауарлар сатылып жатыр. Ал, 2022 жылғы 1 қарашаға дейін сатылмаған, таңбаланбаған аяқ киім тауарлары аяқ киім тауарларының қалдықтары ретінде таңбалануға тиіс. Биыл қараша айынан бастап,  таңбаланбаған аяқ киімді сатуға және олардың айналымына тыйым салынады.

«Облыста жыл басынан бері ҚР-ға ҚХР-мен құны 55 млн АҚШ долларынан асатын 7253 тонна аяқ киім импортталған. Мемлекет бюджетіне 4 млрд теңгеден астам қаржы өндірілген. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы болып "Қазақтелеком" АҚ белгіленді. Аяқ киімге таңбалау кодының құны - 2,68 теңге Таңбалау кодын алу  үшін markirovka.kz. тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесіне тіркеліп, тауарларды ұлттық тауарлар каталогына енгізеді. Содан соң жүйе таңбалау кодтарын шығарып береді» - деп атап өтті Нұрлан Баймолдинов.

Қазақстанға аяқ киімдердің дені қытай зауыттарынан әкелінеді. Олар бір жұп тауарды таңбалау үшін 70 теңге алады. Ал, түрік зауыттары 70 пен 100 теңге аралығында, итальяндық зауыттар өз қызметтерін шамамен 300-400 теңгеге бағалайды.

Жалпы, аяқ киімді таңбалау тауардың заңсыз айналымы мәселесін шешпек. Цифрлық таңбалаудан кейін Қазақстан аумағына аяқ киімді заңсыз әкелу азаймақ. Сонымен қатар нарықтың барлық қатысушылары үшін өнімді сатудың бірыңғай шарттары қолданылмақ.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.