Сарқан ауданында Отан соғысының ардагері Берлібек Ысқақұлы өз таңдауын жасады

Сарқан ауданы Қойлық ауылының тұрғыны 98 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Берлібек Ысқақұлы сайлаудан тысқары қалмай өз таңдауын жасады.
Сарқан ауданында Отан соғысының ардагері Берлібек Ысқақұлы өз таңдауын жасады

Ақсақал елміздің жаңа дәуірге қадам басып, Ата-заңымызда болғалы жатқан өзгерістердің халық мүддесіне жұмыс жасайтынына сенімді.

«Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей алаңдаумыз керек. Менің жасым жүзге таяп қалсада ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум еліміздің кемел болашағын айқындап Жаңа Қазақстанның жаңғырар уақыты деген сөз. Еліміз аман жұртымыз тыныш, әр отбасына береке-бірлік тілеймін». - деді Берлібек ата.

Айта кетейік, бүгінгі сайлауға аудан бойынша 27 415 сайлаушылар өз таңдауларын жасап, дауыс бермек.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.