«Еңбек жолы» байқауы басталды

«Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Еңбек жолы» қалалық байқауының басталғанын хабарлайды, конкурс аясында қаланың үздік өндіріс қызметкерлері мен еңбек әулеттері анықталады.
«Еңбек жолы» байқауы басталды

Бұл конкурс еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды танымал етуге және жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған. Конкурс қалалық және республикалық екі кезеңнен тұрады, қатысушылар үш аталым бойынша анықталады:

1. «Ең үздік еңбек әулеті»;

2. Өндірістің үздік жас маманы»;

3. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».

Конкурс туралы толық ақпарат алу үшін Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінуге болады. Мекенжайы: Ғарышкерлер көшесі 7/1, байланыс телефондары: 4-23-95, 4-44-10.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.