«Бастау Бизнес» жобасындағы жаңа өзгерістер

Биыл «Бастау Бизнес» жобасы онлайн өтеді. Оқу 2022 жылдың наурыз айының соңында басталады деп жоспарлануда.
 «Бастау Бизнес» жобасындағы жаңа өзгерістер

Жобаға кім қатыса алады және грантқа кім өтінім бере алады?

Еңбекпен қамтылғандар санаты:

•Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар;

•Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар қатарынан);

•жеке кәсіпкерлер (мерзімі бір жылдан кем);

•жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғалар;

Әлеуметтік санат:

•жұмыссыз жастар (29 жасқа дейін)

•аз қамтылған отбасы мүшелері - атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

•көп балалы отбасы мүшелері;

•қандастар, қоныс аударғандар;

•мүгедектер;

•мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар.

Оқуға өтінім қайда беріледі?

Оқуға өтінімдерді «Business.Enbek» порталы - кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың бірыңғай онлайн платформасы арқылы қабылданады.

Үміткер өтінімді порталда бергеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде нысаналы топқа тиесілігі тексеріледі.

Business.Enbek порталында мақұлдағаннан кейін өтінім онлайн-оқудан өту үшін автоматты түрде Atameken Academy порталына жіберіледі.

Курсты Atameken Academy порталында онлайн оқиды. Оқу ұзақтығы күнтізбелік 25 күннен аспайды және тегін өтеді. Оқыту нәтижелері бойынша қатысушыға тиісті сертификат беріледі. Оқуды аяқтау туралы сертификат 3 жылға жарамды.

Грант көлемі мен алу шарттары

Жоба бойынша оқудан кейін қатысушылар Жұмыспен қамту орталығынан берілетін 400 АЕК (1 млн 225 мың теңге) мөлшеріндегі грантқа үміткер бола алады.

Жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын өткен жылдардағы жобаға қатысушылар гранттық қаражатқа үміткер бола алмайды.

Грантқа үміткерлер жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да белсенді шараларына қатыспауы тиіс.

Грант бір рет беріледі, бұрын грант алған қатысушылар қатыса алмайды.

Грант қаражаты жоба бойынша оқыту кезінде әзірленген бизнес-жоспарға сәйкес пайдаланылуы мүмкін.

Грантқа өтінім қайда беріледі?

Оқуды аяқтаған және сертификат алған жоба түлектері «Business.Enbek» порталындағы «Грант» бөлімінде өтініш бере алады.

Несиеге кім үміткер бола алады?

Өз бизнес-жобаларын қорғаған жобаның тыңдаушылары, оның ішінде 2017-2021 жылдардың қатысушылары кәсіпкерлік қызметін дамытуға «Атамекен Жетісу» микроқаржы ұйымынан жылдық 6% жеңілдетілген несие алуға өтінім бере алады.

Мекенжайы: Текелі қаласы, Абылайхана көшесі 29/1

Тел.: 8 (72835)79006

Алматы облысының Текелі қалалық филиалының Кәсіпкерлер палатасы

Другие новости

28.04.2024

28.04.2024

28.04.2024

28.04.2024

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.