БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ҮШІН ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЕДӘУІР ЖЕҢІЛДЕТІЛУІ ЕНГІЗІЛУДЕ

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес бизнес субъектілері үшін шектеу шараларының жаңа жеңілдіктері күшіне енеді. Бұл туралы коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.
БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ҮШІН ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЕДӘУІР ЖЕҢІЛДЕТІЛУІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Енді "жасыл" және "сары" эпидемиологиялық қауіпті аймақтарында "Ashyq"-та "жасыл" және "көк" мәртебесі бар адамдар үшін бизнес объектілеріне шектеусіз, "қызыл" аймақта қамтылуы 70%-ға дейін шектеумен (әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, күшейтілген сан-дез режимін сақтау) рұқсат етіледі.

Бұл СОО, сауда үйлерінің, сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік емес), сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік), бассейндердің, ойын, түнгі клубтардың, караокенің қызметіне қатысты. Осы шаралар көрмелер, марафондар, спорттық, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, еске алу), конференциялар, форумдар, ойын-сауық және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге қолданылады.

Сонымен қатар, балалардың ойын-сауық орталықтарын, лотерея клубтарын және букмекерлік кеңселерді толтыруға шектеулер алынып тасталады.

Сондай-ақ, эпидемиологиялық тәуекел аймағына (қызыл, сары және жасыл) қарамастан, ұйымдар мен кеңселердің офлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер (80%, 50% және 30%) алынып тасталады.

 

Другие новости

27.04.2024

27.04.2024

27.04.2024

27.04.2024

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.