БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ҮШІН ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЕДӘУІР ЖЕҢІЛДЕТІЛУІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Енді "жасыл" және "сары" эпидемиологиялық қауіпті аймақтарында "Ashyq"-та "жасыл" және "көк" мәртебесі бар адамдар үшін бизнес объектілеріне шектеусіз, "қызыл" аймақта қамтылуы 70%-ға дейін шектеумен (әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, күшейтілген сан-дез режимін сақтау) рұқсат етіледі.
Бұл СОО, сауда үйлерінің, сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік емес), сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік), бассейндердің, ойын, түнгі клубтардың, караокенің қызметіне қатысты. Осы шаралар көрмелер, марафондар, спорттық, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, еске алу), конференциялар, форумдар, ойын-сауық және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге қолданылады.
Сонымен қатар, балалардың ойын-сауық орталықтарын, лотерея клубтарын және букмекерлік кеңселерді толтыруға шектеулер алынып тасталады.
Сондай-ақ, эпидемиологиялық тәуекел аймағына (қызыл, сары және жасыл) қарамастан, ұйымдар мен кеңселердің офлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер (80%, 50% және 30%) алынып тасталады.