Алматы облысында «Жастар тәжірибесі» жобасынан кейін 1401-ден астам адам тұрақты жұмысқа орналасты

2021 жылы жастар практикасына 1726 адам жіберілді. Бұл туралы «Jetisy ' Media» ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.
Алматы облысында «Жастар тәжірибесі» жобасынан кейін 1401-ден астам адам тұрақты жұмысқа орналасты

Алматы облысында "Еңбек" жобасы белсенді іске асырылуда, оның шеңберінде білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы жұмыс істейді. Тәжірибенің ұзақтығы 6-12 айды құрайды.

"2021 жылы тәжірибеге 1726 адам жіберілді, жоспар бойынша 1496 адам болды. 1401 жас жұмысқа орналастырылды және олардың еңбекақысының мөлшері 25 АЕК, яғни 75 мың теңгені құрайды",- деді Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұрат.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.