133 мың жетісулық ревакцинация курсынан өтті

Алматы облысында коронавирустың өсу деңгейі 0,6%-дан 0,7%-ға артқан. Өңір қызыл аймақта. Соңғы тәулікте 454 жағдай тіркелген, оның 112-сі балалар арасында анықталып отыр, деп хабарлайды «Jetisy Media».
133 мың жетісулық ревакцинация курсынан өтті

Қазіргі таңда халықты вакцинациялау жұмыстары қарқынды түрде жүргізеге асуда. Бүгінде 927 498 мың жетісулық екпенің бірінші бөлігін алса, екінші компонентті 860 875 мың тұрғын салдырды. Вирусқа қарсы екпе жұмыстары бойынша Балқаш (100%), Ақсу (101%) аудандары мен Текелі қаласы (102%) көш бастап тұр. Облыста Гам-КОВИД-ВАК (Спутник V) - 5341, "QazCovid-in" - 13 106, "SinopharmVeroCell"-76 961 және Comirnaty (Pfizer) – 262 564, спутник лайт – 9086 доза қалып отыр.

Өңірге Комирнати вакцинасының 380 250 дозасы келіп түсті. Жалпы, аталмыш екпенің I компонентін 70 513 адам қабылдаса, II компонентін 34 678 мыңы алды. Сондай-ақ, ревакцинация курсынан өткен адамдар саны 133 565-і құрайды.

«Ауруханаларға коронавирус инфекциясымен күнделікті 350-500-ге жуық адам түсуде. Ауырған адамдардың жас ерекшелігіне қарасақ жоғарғы үлес 50 және одан жоғары жас аралығында - 41,6%, одан кейін, 30-49 жас аралығында – 32,3%, 20-29 жас – 20,1%. 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 12,8%-дық көрсеткішті көруге болады»,-дейді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз-хатшысы Әлия Шагиахмет.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.