Коммуналдық қызметтердің тарифтеріне мораторий енгізілді

Елімізде орын алған соңғы жайттан кейін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коммуналдық тарифтердің бағамын ерекше бақылауға алды. Осыған орай, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті және қоғамдық маңызы бар нарықтар үшін тарифтердің өсуіне жол бермеу бойынша барлық шараларды қабылдады. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз- мәслихатында белгілі болды.
Коммуналдық қызметтердің тарифтеріне мораторий енгізілді

Комитет бұйрығына сәйкес 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін коммуналдық қызметтердің, яғни жылумен, сумен, электрмен және газбен  жабдықтау, су бұру, тарифтері мен бағаларын көтеруге мораторий енгізілді.

Осылайша, ТМС барлық тарифтері халық үшін 2021 жылғы желтоқсан айының деңгейінде қалды.  Өткен жылы коммуналдық төлемдерге тариф бағасы келесідей болды: "Талдықорғантеплосервис" МКК жылу – 2 657,23 тг/Гкал, ыстық су – 172,30 тг/м3. "Жетісу Су Арнасы" МКК су – 61,33 тг/м3, кәріз – 65,26 тг/м3. "Жетысу Энерготрейд" ЖШС - 17,11 тг/кВтс.

«Мораторий кезеңінде халық үшін ТМС тарифтерін көтерген жағдайда ҚР ӘҚБК 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілік көзделеді.Сондай-ақ, Комитеттің тапсырмасы бойынша, Департамент "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жаппай тәртіпсіздіктерден зардап шеккен бизнес субъектілеріне 2022 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімге коммуналдық төлемдерді төлеуді кейінге қалдыруды және өсімпұл есептеуді бермеу мәселесін пысықтады»,-дейді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары- Думан Қалибеков.

Осы ретте, мемлекет мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілегендігін айтып өткен абзал. Ендігі де,  АИ маркалы бензин-литріне 80 – 89 теңге, Аи-92/93 – литріне 182 теңге, АИ-95 – литріне 215 теңге және дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – литріне 230 теңгеге саудаланады.

Естеріңізге саламыз, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 122-бабының 3-бөлігіне сәйкес мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер мұнай өнімдерін өткізу кезінде бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге белгіленген шекті бағалардан асырмауға міндетті.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.