Жақсылыққа жан марқаяды

Республикалық «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық акциясы жалғасуда. Сауапты іске атсалысып, шынайы пейілмен мұқтаж жандарға қолұшын созғандардың қайырым-шапағатының аясы кеңейе түсуде.
Жақсылыққа жан марқаяды

27 желтоқсанда акция аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Халық» қайырым-дылық қорының ұйымдастыруымен Текелідегі 22 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Қаланың ерікті жастары азық-түлік жиынтықтарын  үйлерге жеткізіп беріп, алғыс алды.

***

Қалалық Керімбек би мешітінің «Жақсылықта жарысайық» тобы аз қамтылған отбасыларына тұрақты түрде көмек көрсетіп тұрады. Осы жолы бірқатар үйге көмір түсіріп беріп, қыстың суығынан жаурамай шығуға себепші болды. Ал жалғызбасты ананы қаржылай көмекпен қуантты. Қалалық мешіттің мұрындық болуымен жасалып жатқан қайырымдылық шаралары жалғасын табады.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.