Жақсылыққа жан марқаяды

27 желтоқсанда акция аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Халық» қайырым-дылық қорының ұйымдастыруымен Текелідегі 22 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Қаланың ерікті жастары азық-түлік жиынтықтарын үйлерге жеткізіп беріп, алғыс алды.
***
Қалалық Керімбек би мешітінің «Жақсылықта жарысайық» тобы аз қамтылған отбасыларына тұрақты түрде көмек көрсетіп тұрады. Осы жолы бірқатар үйге көмір түсіріп беріп, қыстың суығынан жаурамай шығуға себепші болды. Ал жалғызбасты ананы қаржылай көмекпен қуантты. Қалалық мешіттің мұрындық болуымен жасалып жатқан қайырымдылық шаралары жалғасын табады.
Торғын ТҰРЛЫБАЕВА