Бұқаралық іс-шараларды (корпоративтер, мектеп шыршаларын) өткізу бойынша шектеу шаралары

1. "ASHYQ" жобасына қатысатын объектілер үшін салтанатты, естелік, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге мынадай жағдайларда рұқсат етіледі:
Бұқаралық іс-шараларды (корпоративтер, мектеп шыршаларын) өткізу бойынша шектеу шаралары

- қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз "жасыл" мәртебесі болған кезде;

- (облыс жасыл аймақта орналасқандықтан) 100 орыннан артық емес және 50% - ға дейін толымдылық кезде;

- 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 ҚР БМСД қаулысына қойылатын алгоритмдерде көрсетілген санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын толтыру, маскаларды, респираторларды, сулықтарды, жабдықтарды өңдеу, үй-жайларды жинау).;

- периметр бойынша келушілер арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, орындықтардың арасындағы қашықтық кемінде 2 метр және 60 сантиметр болуы тиіс.;

- Үй-жайда қатаң маскалық және дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету;

2. "ASHYQ" жобасына қатыспайтын объектілер үшін салтанатты, естелік, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады!

3. Мектептерде, колледждерде, ЖОО-да, балабақшалар мен жатақханаларда Жаңа жылды мерекелеуге байланысты жалпы бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Мектептерде жаңа жылдық іс – шараларды "бір сынып-бір кабинет" қағидатын сақтай отырып өткізуге болады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.