Елбасы музейі

Есілдің сол жағалауында Тұңғыш Президент музейінің жаңа ғимараты ашылған. Бүгінгі таңда музейді күніне мыңнан астам келуші тегін тамашалайды. Өскелең ұрпақ үшін бұл музей тәуелсіз Қазақстанның құрылу тарихымен танысып қана қоймай, өз дағдыларын жетілдіруге болатын сүйікті орынға айналды.
Елбасы музейі

Ғимараттың жобасын түрік сәулетшілері жасаған. Оның жалпы ауданы – 40 мың шаршы метр. Дизайнерлер ақ мәрмар тас пен мөлдір әйнекке басымдық беріп, жаңа технологиялық шешімдерді біріктіреді. Үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында музей экспозициялары, екінші қабатта – іс-шара өткізетін көпфункционалды зал, ал үшінші қабатта – балаларды дамыту орталығы бар. Жалпы Тұңғыш Президент музейінің тарихы 2004 жылдан бастау алады. Кітапхананың музейлік кеңістігі оң жағалауда орналасқан ҚР Тұңғыш Президенті резиденциясының ғимаратында да бар. Онда Елбасы Н.Назарбаев 1997-2004 жылдары жұмыс істеген. Елорданың оң жағалауындағы музей қазір де өз жұмысын жалғастыруда.

Жаңа музейде 140 мыңнан астам архивтік құжаттар мен 35 мыңға жуық кітап бар. Мұнда Н. Назарбаевтың балалық шағынан бастап, өмірінің әр кезеңіндегі маңызды деректер жиналған. Мемлекет басшыларына арналған музейлер Америка құрама шаттарында, Францияда, ал ТМД елдерінде Ресей мен Әзербайжанда бар. Белоруссияда Заманауи мемлекеттілік музейі болса, ал Назарбаев музейі – Орталық Азиядағы алғашқы нысан. Әрине, жаңа заманауи музей Тәуелсіз Қазақстан тарихының сабақтастығын сақтап қалды және жаңа экспозициялармен толықтырылды. Жаңа ғимарат біз елестететін дәстүрлі музейлерге ұқсамайды. Тетікті бір рет басу арқылы экспозициялармен танысуға болады. «Жаңа музей ғимаратында алты залда тұрақты экспозициялар орнатылған. Ондағы айрықша жәдігерлері ретінде Н.Назарбаевтың жеті атасы жазылған «Шежіре» композициясы, жоңғар ноянына қарсы жекпе-жекте жеңіске жеткен Бөлек батырдың дулығасы, Абылай хан семсерінің бір бөлігі, қытайлық жас мұғалім Чжоу Бай Сяоға жазған хаттары және жаңа мемлекеттің маңызды құжаттарын атауға болады.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.