«Достық» бекетінде екінші Құрғақ порт салынады

Облыс әкімі Амандық Баталов «Достық» бекетінде жүк терминалын салу жобасы жөнінде инвесторлармен кездесті. Бұл жобаны «Екінші Құрғақ порт» деуге болады.
«Достық» бекетінде екінші Құрғақ порт салынады

Алакөл ауданы аумағындағы шекаралық аймақта орналасқан «Достық» станциясын дамытудың мүмкіндігі мол. Осы бекетте «Dar rail» компаниясы жүк өткізу терминалын салу жобасын қолға алуда.

Жобаның маңыздылығын атап өткен облыс әкімі Амандық Баталов ең алдымен Алакөл ауданының әкімдігі мен жер қатынастары басқармасына инвесторлармен бірлесіп бекет аумағынан берілетін жер учаскесін анықтауды тапсырды. Инфрақұрылым жүргізудің қажеттігі содан кейінгі кезеңде қарастырылатын болады. Бұл іске «Жетісу» ӘКК-нің де белсене араласуын тапсырды.

«Dar rail» ЖШС өкілі Максим Матюктің айтуынша, компания елімізде темір жол арқылы жүк тасымалдаумен бірнеше жылдан бері айналысып келе жатыр. Қазір «Достық» аумағында іске асырылатын жоба дайындалуда. Жер учаскесі белгіленгеннен кейін компания құрылыс жұмыстарына кірісуге дайын.

Кездесу барысында бұл жобаның маңыздылығына екпін түсіріліп, оны «Екінші құрғақ порт» ретінде дамыту мүмкіндігінің мол екендігі айтылды. 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.