А. Цой "Ел үшін егілемін" пандемиямен күрес жөніндегі азаматтық штабтың жұмысын атап өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі "Ел үшін егілемін" атты азаматтық штабының отырысы өтті.
А. Цой

Кеңес жұмысына штаб мүшелері, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Қоғамдық құрылым жұмысының 3 айдағы қорытындылары туралы айта отырып, азаматтық белсенділердің халықты коронавирустық инфекциядан вакцинациялау бойынша ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізу бойынша ортақ іске қосқан үлкен үлесі атап өтілді.

Штаб басшысы Рахым Ошақбаевтың айтуынша, осы кезеңде әр өңірде халықпен, еңбек ұжымдарымен, дәрігерлермен, мұғалімдермен көптеген кездесулер өткізілді. Штаб мүшелерінің, медицина қызметкерлерінің, ғалымдардың, эпидемиологтардың қолдауының арқасында қазақстандықтарды КВИ вакцинациясымен қамтудың өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.

Кеңесті қорытындылай келе, Ералы Тоғжанов азаматтық штабтың ойдағыдай ақпараттық-түсіндіру жұмысын атап өтіп, қоғамдық белсенділерге "САНАЛЫ ҚОҒАМ" аясында осы құрамда қызметін жалғастыруды ұсынды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сондай-ақ азаматтық штаб мүшелеріне пандемиямен күресте қолдау көрсеткені және халықты жаппай иммундау идеологиясын алға тартқаны үшін үлкен ризашылығын білдірді, бұл бәрімізге бұрынғы өмірімізге шектеусіз оралуға және зұлым инфекциядан қорғауға мүмкіндік береді.

Штаб коронавируспен және вакцинацияны насихаттаумен ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау мәселелерімен де айналысады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.