Алматы облысының Антикор басшысы «Саналы ұрпақ» ерікті студенттер клубы жеңімпаздарын марапаттады
Осы орайда, жыл бойы клубтардың атқарған іс-шаралардың қорытындысы бойынша, барлық клубтардың жұмыстары бағаланып, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің алаңында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен облыстық «Саналы ұрпақ» студенттік клубтары слетінің марапаттау рәсімі өткізілді. Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов, Алматы облыстық білім басқарма басшысының міндетін атқарушы Гүлсара Исағұлова, клубтардың өкілдері, студенттер қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлде иегері – Сарқан политехникалық колледжі;
І орын иегері - Талдықорған сервис және технология колледжі;
І І орын иегері – Талдықорған жоғары политехникалық колледжі;
І І І орын иегері – Қапал кәсіптік – техникалық колледжі;
«Үздік антикоррупциялық бейнеролик» номинациясы бойынша Талдықорған агро-техникалық колледжі;
«Үздік акция және флешмоб» номинациясы бойынша Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі;
«Үздік тематикалық іс-шара» номинациясы бойынша С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі.
Жоғарыда көрсетілген жеңімпаздар, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті нығайту жөніндегі бастамалар мен жемқорлыққа қарсы шараларға белсене қатысқан клубтар номинациялар бойынша бағалы сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталды.
«Саналы ұрпақ» ерікті клубтарын осы тұрғыда студенттер бойында жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыратын, құқықтық сана мен мәдениеттің деңгейін арттыратын ерікті бірлестік ретінде қабылдауға болады. Бұл қозғалыс жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, құқықтық білімді де кеңінен насихаттайды.
