Ел дамуының тірегі

Конституция – мемлекетімізді тәуелсіздігін, өркениетті қоғамға бас-тайтын демократиялық құндылықтарды айқындайтын басты құжат. Онда мемлекеттің барлық буындарының жұмыс істеу тәртібі, ел азаматтарының құқықтары мен міндеттері нақты көрсетілген.
Ел дамуының тірегі

Баршаға белгілі, 1995 жылы 30 тамызда Қазақ-стан халқы тарихи шешім қабылдап, халықтық референдум арқылы Ата Заңды бекітті. Тұғырына қондырды. Міне, сол күннен бастап еліміз құқықтық мемлекет құрудың жаңа дәуіріне қадам басты. Ата Заң жас мемлекетіміздің құрылымдық негізіне, тәуелсіздігіміздің тірегіне айналды және елдегі барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік бағыттағы кешенді жоспар, жобалардың сәтті орындалуына, сол арқылы нық қадаммен, болашаққа деген сеніммен алға ілгерілеуімізге жан-жақты мүмкіндіктер жасады. Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру жолындағы ұмтылыстарымызға таймас тиянақ болды.

Ата Заң өзінің ширек ғасырлық тарихында бірнеше рет түледі, кемелденді. 1995 жылы қабылданған Ата Заңда бірінші – қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, екінші – экономикалық даму, үшінші – қазақстандық патриотизм, төртінші – маңызды мәселелерге референдум жасау және Парламентте дауыс беру арқылы шешу сынды 4 негізгі принцип айқындалды. Осылайша кемелдене түскен Ата Заң уақыт керуені көлденең тартқан небір бұралаң жолдардан, қиын-қыспақтан сүрінбей өтіп, халқымыздың мүддесіне негізделген, барынша сараланып, дәуір биігіне көтерілген құнды құжат екенін дәлелдеді.

Қазақстан Конституциясы жалпыадамзаттық құндылықтарға да жауап беріп, өзінің әлеуетін айқындай түсті.

Еліміз Ата Заңды негіз етіп, ширек ғасырда ұшан-теңіз жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекетті нығайтып, елдің эконо-микалық-әлеуметтік жағдайын көтерді. Әлем-дік сахнада өз орнын нықтады. Демек, барша игіліктеріміздің бастауы, қайнар көзі болған Ата Заңға құрмет ету, заң баптарын берік ұстану – еліміздің табысты өркен-деуінің кепілі болып қала береді.

Біз Ата Заңымыздың баптарын бағалай білуіміз, оған аса жауапкершілікпен қарауымыз тиіс. Конституцияны сыйлау – мемлекетімізді халқымызды, ұлттық болмысымызды, тарлан тарихымызды сыйлау деген сөз.

Ә.Құттыбаева, қалалық соттың  жетекші маманы 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.