3000-ға жуық көшет отырғызылды

Шаһарымызда «Мекенім – жасыл орманым» атты республикалық көшет отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Қала әкімі Батыр Молдахметов және мемлекеттік қызметшілер аталған іс-шараға өз үлестерін қосып, 100 ақ қайыңның және емен ағашынан 100 жасыл желек отырғызды.
3000-ға жуық көшет отырғызылды

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді халық даналығы. Ағаш отырғызудың адамзат баласы үшін маңызы зор, сауабы мол істердің бірі. Жасыл желек жанға сая. Бабымен нәр берсең, тіршіліктің сәніне айналары сөзсіз. Бұл – біздің болашақ ұрпаққа, өзімізге және Табиғат анаға жасаған үлкен сыйымыз. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандары шараға қаламыздағы барлық ұйым мен мекеме ат салысып, өздеріне қарасты аулаларына жеміс ағаштарын, ақ қайың, емен, қара ағаш, шаған, шырша, қарағай сынды 1950 түп көшет отырғызғанын айтты. Жалпы, көктемгі айлықта 2750-ден астам ағаш егілді. Акцияда барлық санитарлық нормалар мен талаптар сақталды. «Ағаштардың өніп-өсіп, мәуелі бәйтерекке айналуы үшін мамандар аптасына екі рет суғарады» дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Аян Рысбеков. Ендеше күні ертең осы бір аумақ орманды алқапқа айналады деп сенеміз.

Гауһар Мұса

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.