«Халықтың» қалтқысыз көмегі

Еліміз егемен ел, тәуелсіз мемлекет ретінде тарих төрінен орын алғанына да 30 жылдың жүзі болды. Осы жылдар ішінде Елбасының бейбітшіл ұстанымы, сарабдал саясатымен қарқынды дамушы ел атандық. Береке-бірлікпен, ауызбіршілікпен тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өттік. Бүгінде тұтас әлем елдерін әбігерге салған пандемияның салдарын да ел болып еңсерудеміз.
«Халықтың» қалтқысыз көмегі

Республикалық «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық акциясы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен республикалық «Халық» қайырымдылық қоры ірі науқанды қолға алып, пандемия салдарынан қиын жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы және мүгедек балалары бар отбасыларға, мұқтаж жандарға арнап, әр бірінің салмағы 50 келіден асатын 15 000-нан астам азық-түлік себеттерін дайындаған.           

Қазіргі уақытта азық-түлік себеттері еліміздің барлық өңірінде отбасыларға таратылып жатыр.

Өткен аптада аталған қордың көмегі қаламызға да келіп жетті. Қалалық жастар ресурстық орталғығының белсенділері, ерікті жастар аз қамтылған, көп балалы 22 отбасына «Халықтың» қалтқысыз көмегін жеткізді.

«Пандемия ел басына түскен үлкен сынақ. Осындай қиын-қыстау шақта бір-бірімізді қолдау, жұдырықтай жұмылып, бірге әрекет ету – елдіктің белгісі. Көп мүддесін көздеген қамқорлыққа мың алғыс!» деп ризашылықтарын жеткізді көп балалы аналар.

  

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.