Мың Алғыс саған, Қазақ Елі!

Алғыс айту күні – Мәңгілік Еліміздің мерейлі мәртебесін асқақтататын, достық пен адамгершіліктің, бірлік пен ынтымақтастықтың символына айналған ортақ тағдыр мен тарих біріктірген түрлі этнос өкілдерінің ұлық мейрамы.
Мың Алғыс саған, Қазақ Елі!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Алғыс айту күні» туралы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн  – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі» – деп әр түрлі этнос өкілдерінің елімізге ризашылық сезімдерін жеткізгенін айтқан болатын.

Бүгінгі таңда Ұлт Көшбасшысы бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні – бейбітшілік пен келісімнің  жарқын көрінісіне айналды.

Көптеген жылдар бойы миллиондаған тағдырлардың тоғысуы, жүздеген этностардың өзара араласуы, дәстүрлері мен өмірлік ұстанымдарының ұштасуынан қайталанбас рухани және бірегей мәдениеті қалыптасқан ұлт болып ұйысып, болаттай берік бірлігі бар еңселі ел болуымызға негіз қаланды.

Алғыс айту күні қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың мерекесі.

Бүгінде әлемдегі феномен ретінде танылған Қазақстан Халқы Ассамблеясы еліміздегі 130 ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, өз жұмысын жемісті жүргізіп келеді. Осы арқылы тұтастай елімізде тыныштық пен түсіністік салтанат құрып отыр.

Тағдырдың тауқыметімен елімізге келген түрлі этнос өкілдері қазақ жерінен өздеріне жайлы орта тапты, жанұялы болды, өсіп-өнді. Мұндайда алыстағының өзі бауырына, туысына айналады. Қазақ елінде өмір сүріп жатқан кез-келген ұлт қазақты өз бауырындай көреді. Олардың бәрі «Мың алғыс саған, қазақ елі!» дейді.

Соңғы жылы 1 наурыз ортақ тағдыр тоғыстырған республика азаматтары мен тұрғындарының бір-біріне шынайы алғыс сезімдері мен ризашылығын білдіретін айтулы күнге айналып келеді. Ұлт пен ұлыс арасындағы өзара құрмет пен сыйластық бізді жаңа биіктер мен белестерге бастай беретініне сенім мол.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.