Текелі қалалық мәслихатының VII шақырылымының бірінші сессиясы өтті

2021 жылдың 15 қаңтарында Текелі қалалық мәслихатының VII шақырылымының ұйымдастыру сессиясы өтті.
Текелі қалалық мәслихатының VII шақырылымының бірінші сессиясы өтті

Сессияны Текелі қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Жылқыбаев ашты. Ол Текелі қаласы бойынша өткен сайлау нәтижелері туралы қысқаша ақпарат берді. Жаңадан сайланған депутаттарды құттықтап, оларға төсбелгілер мен куәліктер табыс етті. Депутаттарды жергілікті атқарушы органдар келісімі мен түсіністігі негізінде барша текеліліктердің үмітін ақтауға шақырды, сондай-ақ, мол денсаулық, сүбелі жетістіктер тіледі.

VII-шақырылған Текелі қалалық мәслихатының хатшысы болып бірауыздан депутат Калиновский Николай Васильевич сайланды.

Сонымен қатар мәслихаттың тұрақты комиссиялары құрылды және де Текелі қалалық мәслихатының «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы тіркелді.

Текелі қаласының әкімі Молдахметов Батыр Қайыркенұлы мәслихаттың жаңа құрамын құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік, жемісті еңбек және халықтың сенімін ақтай отырып, өз міндеттерін абыроймен атқаруларына тілектестік білдірді.

Текелі қалалық мәслихатына «Nur Otan» партиясынан сайланған депутаттар:

1. Алмайдар Әділ Жұмаділұлы, «Aleidar» ЖК басшысы.

2. Ботантаев Марғұлан Мәлімбайұлы, Алматы облысы «Nur Otan» партиясы Текелі қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

3. Жұмаділов Тұрысбек Әкімханұлы, Алматы облысы бойынша Кәсіпкерлік палатасының Текелі қалалық филиалының директоры.

4. Иманбердиева Эльмира Сейдахметқызы, «№ 5 орта мектеп» КММ-нің директоры.
   5. Калиновский Николай Васильевич, «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» ММ-нің мәслихат хатшысы.

6. Қапалов Жасұлан Орманғалиұлы, «Текелі қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысының міндетін атқарушы.

7. Кубрак Валентина Борисовна «Текелі қаласының сүт зауыты» ЖШС өндірістік директоры.

8. Нұрмыханова Алма Мұқанғалиқызы, «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы КММ-нің директоры.

9.  Отарбаев Арман Қайырбекұлы, «Текелі энергокомплекс» ЖШС-нің директоры.

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан сайланған депутат:

1. Сағымбекұлы Абзалбек, «Гаухар-Тас 07» ЖШС директоры.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан сайланған депутат:

 1. Чукенова Светлана Алексеевна, ҚР АШМ «Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін сынақтан өткізу бойынша мем.комиссия» РММ, Талдықорған жеміс-жидек филиалының басшысы.

Текелі қаласынан Алматы облыстық мәслихатының депутаты болып «Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі» МКҚК директоры – Нестеров Константин Михайлович сайланды.

Мәслихат депутаттарының құрамы орта есеппен 63,6% жаңарды. Халық қалаулыларының орта жасы 49 жасты құрайды. 35 жасқа дейінгі жастар шамамен – 20%, әйелдер – 4.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.