Кәсіпкерліктің алғашқы қадамы

Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен – «Zhas Project» жобасы аясында грант иеленген Шолпан Жұбаныш топ мүшелерімен бірге тіккен киім-кешек, маскаларды аз қамтылған, көп балалы отбасыларына үлестірді.
Кәсіпкерліктің алғашқы қадамы

Оның айтуынша, киім тігу бойынша ұтып алған грант қаржысына тігіншілікке қажетті құрал-жабдықтар және маталар сатып алған. Олар жұмысқа қолайлы орын жалдап, сонда киім-кешек тіге жүріп, әлеуметтік осал топтар ішінен тігіншілікті үйренгісі келетін 10-нан аса адамға білгендерін үйретті. Әсіресе, жазда қауіпті індет асқынған кезде маска тігіп, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін үлестірді.

Ең бастысы, жастар кәсіпкерлікке ұмтылып, нарық заңдарының алғашқы адымдарын меңгерді. Өндіру мен сату арасындағы байланысты, сұраныстың жетекші рөлін түсінді. Қолға алған ісінен пайда табу үшін, сұранысты бағамдап, базарға салатын өнімді таңдау және әрбір өнімнің өзіндік құнын барынша төмендетудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, үнемі ізденісте болу керектігін білді. Бірігіп, тіл табысып, бір-бірін демеп, ұжыммен жұмыс істеуді үйренді.       

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.