Елдік пен өркендеудің жарқын белесі

Елдік пен өркендеудің жарқын белесі

25 қазан – еліміздің егемендігін айшықтайтын, бабалар аманаты мен елдік мұратты тоғыстырған ұлық мереке – Республика күні. 1990 жылы қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация Азаттық таңының атуына негіз қалап, тарихымыздағы жаңа заманның бастауы болды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан күрделі белестерден өтіп, мемлекеттілігін нығайтты. Ел ішіндегі тұрақтылық пен береке әрбір өңірдің сан салада өсіп-өркендеуіне жол ашты. Осы жасампаз өзгерістердің жарқын көрінісін өзіміздің шағын шаһарымыз Текелі қаласынан да айқын көреміз.

Соңғы жылдары қаламыз заман талабына сай түрленіп, жаңа сипатқа ие болуда. Шаһардың инфрақұрылымы жаңарып, көше жолдары ретке келтірілді. Тұрғындар үшін ең маңызды мәселелердің бірі – ауыз су мен табиғи газ тартылып, халықтың әл-ауқаты жылдан-жылға өсіп, тұрақты дамудың берік іргетасы қаланды. Осының барлығы – ынтымағы жарасқан халқымыздың еңбегі мен ауызбіршілігінің жемісі.

Ұлттық мерекемізде осындай игіліктердің жалғасын табуын тілеп, бүгіннен де жарқын болатын болашаққа сеніммен қараймыз. Ол үшін әр азамат отаншылдықпен рухтанып, адал еңбек, адамдық, тазалық, іскерлікпен ел дамуына үлес қосуы керек. Көк Туымызды биіктерден желбіретіп, Елтаңбамызды жарқыратып, Әнұранымызды асқақтата шырқайтын сәттеріміз көп болғай! Отанымыздың тұғыры биік, егемендігіміз баянды, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Сәбит БИБОЛОВ,

Қазақстан Республикасы Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі,

Текелі қаласының Құрметті азаматы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.