Менің Туым – Менің Отаным!

Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Менің туым – Менің Отаным!» республикалық патриоттық акциясы ұйымдастырылып, әлеуметтік маңызы бар нысандарда және тұрғын үйлердің балкондарында Мемлекеттік Ту ілінді.
Менің Туым – Менің Отаным!

Мемлекеттік Туға қарап елім, жерім дейтін ұрпақтың намысы оянып, жүрегіне патриоттық сезім ұялары даусыз. Әр азаматтың бойында көк байрағымызға қарап отаншыл рух, ұлттық намыс, елжандылықтың ұшқыны оянып, жігері таситыны ақиқат.

Мемлекеттік Тудың маңызын насихаттап, жастарды отансүйгіштікке баулу мақсатында ұйымдастырылған шараға біздің қаламыздың да жастары белсене атсалысып, көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне Қазақстанның көкбайрағын орналастырып, әлеуметтік желі арқылы құттықтау хаттарын жеткізді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.