Менің Туым – Менің Отаным!

Мемлекеттік Туға қарап елім, жерім дейтін ұрпақтың намысы оянып, жүрегіне патриоттық сезім ұялары даусыз. Әр азаматтың бойында көк байрағымызға қарап отаншыл рух, ұлттық намыс, елжандылықтың ұшқыны оянып, жігері таситыны ақиқат.
Мемлекеттік Тудың маңызын насихаттап, жастарды отансүйгіштікке баулу мақсатында ұйымдастырылған шараға біздің қаламыздың да жастары белсене атсалысып, көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне Қазақстанның көкбайрағын орналастырып, әлеуметтік желі арқылы құттықтау хаттарын жеткізді.