Қадірлі жерлестер!

Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың әлемдік пандемиясына байланысты елдегі төтенше жағдайды жариялады. Індеттің алдын алу үшін дұрыс қабылданған шешім деп ойлаймыз.
Қадірлі жерлестер!

Бүгін біз әлемнің көптеген елдері коронавирустық инфекцияның таралу салдарына қалай тап болғанын көріп отырмыз. Осы қиын уақытта Қазақстанда қолайлы жағдайды сақтау үшін барлығын жасау біздің ортақ міндетіміз. Әр адамның өміріндегі ең басты құндылық – денсаулық басты назарда.

Карантин әдеттегі өмір сүру ережелерін бұзуға байланысты ыңғайсыздықтар тудырып отыр, мұны дұрыс түсінуді сұраймыз. Карантин біздің ортақ қауіпсіздігіміз, қаланың қауіпсіздігі, жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін енгізіледі. Төтенше жағдайда әрбір қала тұрғындарының саналы түрде тәртіпке бағынуы өте маңызды.

Үкімет қазірдің өзінде инфекциямен күреске, жұмыс орындарын сақтауға және бизнесті қолдауға, сонымен қатар халықты дәрі-дәрмекпен, тамақ өнімдерімен және тұрақты жағдайды сақтау үшін бағытталған шаралар кешенін қабылдады. Үлкен кісілерді, балалар үйі  тәрбиеленушілері мен арнаулы аураханалардағы науқастарды қажетті заттармен үздіксіз қамтамасыз етуге баса көңіл бөлінуде. Коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимылдың одан әрі табысы және ұлттың денсаулығы барлығымызға байланысты.

Сол себепті біз, қалалық мәслихат депутаттары Сіздерге жұқтыру қаупін төмендетуге көмектесетін ережелерді сақтауды өтінеміз. Бірінші кезекте, бұл жеке гигиена: қолды жуу, үй-жайларды дезинфекциялау, кемінде 2 метр қашықтықты сақтау, қол алыстан бас тарту, қоғамдық орындарға барудан бас тарту, отбасылық мерекелерді ауыстыру. Үйде болу және тұрғылықты жерінен тыс жерге шықпау маңызды.

Барлық азаматтарды шыдамдылық танытуға және мемлекет қабылдаған шараларды қолдауға шақырамыз.

Коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық штаб туындаған мәселелерді жедел қарап, олар бойынша қажетті жедел шаралар қабылдайтын болады.

Текелі қалалық мәслихатының депутаттары.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.