Алматы облысының бірқатар кәсіпорны Президенттің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары атанды

Жеңімпаздар Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиын барысында марапатталды. Өзге өңірлермен қатар Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және осы сыйлықтың былтырғы жылғы жеңімпаздары шараны бейнебайланыс арқылы тамашалады.
Алматы облысының бірқатар кәсіпорны Президенттің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары атанды

Атап айтқанда, орта кәсіпкерлік субъектілері арасында Іле ауданындағы «MAKS DORSTROYSERVIS-21» ЖШС өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын атанды.

Қапшағай қаласындағы «Рыбпром» ЖШС-ға өнімнің сапасы мен қызмет көрсету саласындағы жетістіктері үшін берілетін ТМД сыйлығын иеленді.
Қапшағайлық «Kaz Organic Product» балық шаруашылығы «Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену байқауының 2020 жылғы жеңімпаздарының қатарында аталды.
«MAKS DORSTROYSERVIS-21» ЖШС Қазақстанның құрылыс нарығында 21 жылдан астам уақыт бойы белсенді қызмет етіп келеді. Құрылыс өнімдерін сериялы өндірумен, сонымен қатар жаңа құрылыста, жолдарды, көпірлерді, жол өткелдерін күрделі жөндеумен, елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үйлер мен өндірістік нысандарды жаңадан салу және күрделі жөндеу, елді мекендердің инфрақұрылымын дамытудағы күрделі жұмыстарды орындаумен айналысады.
Ал қапшағайлық «Рыбпром» ЖШС - мұздатылған балық, балық филесін шығаратын кәсіпорын. Мәселен, серіктестік 2019 жылы жалпы сомасы 1264,2 млн. теңге болатын 934 тонналық балық өнімін өндіріп, 2018 жылмен салыстырғанда өндірісін көлемін 25 % арттырған. Ал биылғы жылдың 11 айында құны 1058,1 млн. теңге болатын 746 тонна өнім шығарған.
Қапшағай су қоймасы жағалауында орналасқан «Kaz Organic Product» - толық циклды өндірістік балық фермасы. Уылдырықтан тауар болғанға дейінгі балықтың барлық өсу процестерін толық бақылай алатын мүмкіндігі бар және бассейндерінің барлығы заманауи құралдармен, бақылау мен автоматтандырудың әлемдегі озық технологияларымен жабдықталған.
Шаруашылық халықтың балық өнімдеріне деген сұранысын қағанаттандыра отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосып келеді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.