Облыс әкімі Амандық Баталов өткізген жиында Балқаш көлінің жағалауын және тау туризмін дамыту жоспарлары мен шешімін күткен мәселелер талқыланды
Сонымен қатар тау туризміне инвесторлардың қызығушылығын арттыру үшін жол жөндеу жұмысына облыс әкімі қолдау білдіретінін айтты. Аудан әкіміне құрылыс жұмыстарына кететін барлық есеп-қисапты анықтап әкелуді тапсырды.
- Балқашқа қатысты арнайы бизнес-форум өткізу керек. Туристік аймақ ретінде Балқашты бәрі біледі. Бірақ біз оны инфрақұрылымы тартылған, жағдай жасалған көл жағалауы ретінде бизнесмендерге таныстыруымыз керек, - деді А.Баталов.
