Жұмыспен қамтудың жол картасы арқасында Қапшағай біраз әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып жатыр

Сондай ақ, жол картасымен қала көшелеріндегі су құбырлары да жаңартылуда. Алматы-Қонаев көшелеріні аралығында құрылыстар басталғар. Жоспар бойынша жыл соңына дейін Қапшағайлықтар үйлеріне су жеткізіліп тіршілік нәрінен тсрықпайтын болады. Жаз кезінде қаладағы Арна 1,Арна 2 сынды бірнеше шағын аудандарда су тапшылығы байқалатын. Осы мәселені шешу мақсатында қосымша құьыр тартылуда.
Шаһардағы шығыс шағын ауданы да мемлекеттік бағдарлама негізінде күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Құрылысқа 22 адам тартылған, 12 жұмыспен қамту орталығы арқылы.
Қала тұрғындары келер жылы ыстық суға қол жеткізеді. Қазандықтың көгілдір отынға қосылуы жергілікті халық осы мүмкіндікті сыйламақ.
Қазандықтың жаңартылуына 680 млн теңге бөлінді. Бұл біріншіден шығынды азайтып үнемді болса, екіншіден экологияға зияны аз. Қазір жұмыстар аяқталуға жақын. Қарашада іске қосамыз деді қала әкімі.
Ойын алаңдары мен аулалар да назардан тыс қалмаған. Тиісінше нысандар ретке келтірілген.