Жастар тазалықты сүйеді

«Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен Iлияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Туризм» мамандығының ерікті жастары қаламызда орналасқан Черкасай шатқалы туристік нысаны маңында «Табиғатты аялайық» атты эко-акциясын өткізді.
Жастар тазалықты сүйеді

 «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қоршаған ортаның тазалығын қадағалаудың маңызын ескерген шараға қатысушылар тазалық жұмыстарына белсене ат салысып, демалыс аймағын қоқыстардан тазартты. Сондай-ақ жастар барша қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғап, табиғатты аялауға шақырды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.