Миллион теңге грант иеленді

Қаламыздың тұрғыны Нұрия Әсет халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы – Zhas Project бағдарламасының миллион теңге грантын иеленді.
Миллион теңге грант иеленді

Ұлттық үлгідегі киімдерді негіз еткен тігіншілік өнерді кәсіп көзіне айналдыруды мақсат тұтқан Нұрияның жобасы қолдау тауып, аталған бағдарлама гранттың алғашқы қаржысына тігіншілікке қажетті замануи құрал-жабдықтар сатып алды. Осы жобаның сәтті қорғалуына атсалысып, заңдық тұрғыдан болған ментор, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының кеңесшісі Нұржан Молдахметовтың айтуынша, 2017-2020 жылдарға арналған аталған жоба жастар корпусын дамыту бойынша еліміздегі өңірлерді негіз етіп жүзеге асырылып келеді. Жастарды қоғамдық өмірге кеңінен тарту және сұранысқа ие кәсіп түрлерін таңдай білуге, сондай-ақ, сол кәсіпті нақты тәжірибе негізінде жан-жақты меңгеруге бастау мақсатындағы бағдарламаға 3-5 адамға дейін топ болып қатысту ұсыналады, яғни, кәсіпкерлікке, сонымен бірге, жекедара емес, ұжыммен, топпен сәйкесіп жұмыс істей білуге де маңыз беріледі. Бағдарлама талаптарына сай грант иелері қорғаған жобасына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алады және 5 ай бойы сол жабдықтармен халыққа тегін қызмет көрсетіп, тәжірибе жинақтайды. Осы кезеңде оларға шәкіртақы төленеді. Межелі уақыттан соң грант қаржысына сатып алынған құрал-жабдықтар топтың жеке мүлкіне айналады да, топ мүшелері осы негізде шағын кәсіпті дамытуға мүмкіндік алады.

«Қазір жұмыс істеймін, өмірімді өзгертемін дейтін адамға мүмкіндік көп. Тек, алдыға мызғымас мақсат қойып, шындықты бетке ұстап, табандылықпен іздену керек. Мен шағын тігінхана ашып, ұлттық киімдерді негіз етіп, тігіншілікпен айналысқым, ұлттық киім тігу өнерін игергім келді. Шынайылықпен қолға алған жобамыз қолдау тапты. Қазір заманауи технологиядан пайдаланбай істің ілгері басуы қиын. Міне, гранттың алғашқы 500 мың теңге қаржысына Ресейде жасалған әмбебап тігін машинасы мен маталарды жиектегіш машина сатып алдық. Өнімділігі өте жоғары, әрі сапалы. «Табыс» сауда орталығынан орын алып, жұмысымызға кірісіп кеттік. Алғашқы тіккен киімдерімізді көп балалы, аз қамтылған отбасындағы балаларға берсек дейміз», – деді, ойға алған ісіне қолдау тапқанына қуанған Нұрия Әсет.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.