ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ «ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен «Жас маман» жобасы жасалынды. Жобаның мақсаты білікті мамандарды даярлауға халықаралық тәжірибені енгізу және сұранысқа ие 100 мамандық бойынша 180 колледжбен 20 жоғары оқу орындарын жаңғырту болып табылады.
ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ «ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «Жас маман» бағдарламасын жүзеге асыру аясында IT саласындағы World Skills құзіреттілігін дамыту үшін жабдықтар сатып алынды.

«Графикалық дизайн» - графикалық планшеттері және кең форматты принтерлер.

«Желілік және жүйелік әкімшілендіру» - CISCO маршрутизаторлары мен коммутаторлары, Dell P630 сервері.

«3D-Модельдеу және бұйымдарды прототиптеу» - 3D-принтер.

«Бизнес үшін IT-шешімдер» - тоғызыншы буынды жаңа компьютерлер.

«Ақпараттық-кабельдік желілер» - «Мыс құрылымдалған кабель жүйелерін монтаждау және пайдалану» (SKS-F) типтік оқу жиынтығы.

Аталған жабдықтарды оқу процесінде белсенді пайдалану білім беру қызметтерінің сапасын арттырады және түрлі деңгейдегі World Skills чемпионаттарына дайындық кезінде үлкен артықшылығы болады.

Другие новости

27.04.2024

27.04.2024

27.04.2024

27.04.2024

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.