ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ «ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «Жас маман» бағдарламасын жүзеге асыру аясында IT саласындағы World Skills құзіреттілігін дамыту үшін жабдықтар сатып алынды.
«Графикалық дизайн» - графикалық планшеттері және кең форматты принтерлер.
«Желілік және жүйелік әкімшілендіру» - CISCO маршрутизаторлары мен коммутаторлары, Dell P630 сервері.
«3D-Модельдеу және бұйымдарды прототиптеу» - 3D-принтер.
«Бизнес үшін IT-шешімдер» - тоғызыншы буынды жаңа компьютерлер.
«Ақпараттық-кабельдік желілер» - «Мыс құрылымдалған кабель жүйелерін монтаждау және пайдалану» (SKS-F) типтік оқу жиынтығы.
Аталған жабдықтарды оқу процесінде белсенді пайдалану білім беру қызметтерінің сапасын арттырады және түрлі деңгейдегі World Skills чемпионаттарына дайындық кезінде үлкен артықшылығы болады.