Алғыс хатпен марапатталды

Өткен аптада Талдықорған қаласында Жетісу облысы әкімінің орынбасары М.Көлбаев Текелі қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Жылқыбаевқа еселі еңбегі мен кәсібилігі үшін облыс әкімі Б. Исабаевтың Алғыс хатын салтанатты түрде табыс етті.
Алғыс хатпен марапатталды

Сонымен қатар, Текелі қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Г. Жақамбаева, №449 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Л.Кешуова наурыз айында өткен Текелі қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына депутат сайлау жөніндегі сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін облыс әкімінің орынбасары М. Көлбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.