Алматы облысында «TENGRI ULTRA» марафоны өтеді

3-5 мамыр аралығында Алматы облысының аумағында орналасқан Тамғалы тас шатқалында дәстүрлі «TENGRI ULTRA» ұлы дала марафоны ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Ұлы дала марафоны деген атпен танымал болған шараға қатысушылардың саны биыл айтарлықтай өскен.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы мен «Экстремалды Атлетика» ҚБ басқарушы директоры Вадим Винокуров айтты.
Алматы облысында «TENGRI ULTRA» марафоны өтеді

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты- бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Одан бөлек, ішкі және сыртқы туризмді дамыту.
Іле жағалауындағы үш күндік ашық аспан астындағы фестивальге шамамен 3 мыңнан астам атлет қатысады деп жоспарлануда, ал бүгінгі күні қатысуға 1500 атлет өтінім тастаған. Олар 1, 3, 7, 25, 50 және 100 км шақырымдық қашықтыққа жүгірумен қатар, скандинавиялық жүріс және веложарыс пен каникросс бойынша да сайысқа түседі. 
«Аталмыш фестиваль биыл 10-шы мәрте дәстүрлі түрде ұйымдастырылады деп күтілуде. Бұл – біз үшін мерейтой. Жыл сайын біздің фестиваль ерекшелене түсуде. Осыған орай, азаматтардың қызығушылығы артуда»,-деді Вадим Винокуров.
Оның айтуынша,базалық лагерь Тамғалы-Тас көркем жартасты шатқалында орналасқан. Спорт сүйер қауым, марафонға қатыса отырып, көркем табиғатқа тамсана алады.
«Марафон еліміздің спорт тарихындағы ерекше орны бар шара. Халықаралық дәрежедегі сертификаты бар осы жоба көркі көз тартатын, келбеті келісті өңірімізде 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы 10 жыл көлемінде марафонға кемінде 50 елдің мыңнан астам азаматы қатысты. Бұл дегеніміз ішкі туризм дамуына үлкен септігін тигізеді»,-деді Қуанышбек Мирамбекұлы.
 Жарысқа тіркелу 26 сәуір күні, сағат 12:00-ге дейін немесе қатысушылар санының шегіне жеткенге дейін ашық. Шара бойынша толықтай ақпартты athletex.kz сайтынан оқи аласыздар.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.