Алматы облысының ормандарында биыл  2 өрт тіркелді

Бұл туралы Өңірлік коммуникация алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжехан мәлімдеді.
Алматы облысының ормандарында биыл  2 өрт тіркелді

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда өрт сөндірушілер Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртін сөндіріп жатыр.

Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД 40-қа жуық адам және 10-нан астам техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жақын маңдағы Қараой ауылына қауіп жоқ.

Самат Кенжеханның айтуынша, табиғи өрттің ауа-райының қолайсыздығынан, дала алқаптарындарында азаматтардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болып отыр. 

«Осыған байланысты департамент қызметкелері арнайы рейдтік іс-шаралар өткізуде. Шараға азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі ,орман мекемелері мен ЖАО-дан 55 адамнан тұратын 6 мобильдік топ құрылды», – деді ТЖД өкілі Самат Кенжехан.

Бұдан бөлек, орман-дала өрттерін болдырмау мақсатында облыс аумағында республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының минералданған жолақтарын, орман алқаптары мен егіс алқаптарының айналасына орналастыру және күту бойынша жұмыстар жүргізілген. 

Сондай-ақ басқарма басшысы орман шаруашылықтарымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіліп жатқанын айтты.

Жалпы өрттің қауіпті кезеңі 2 наурыздан 1 қарашаға дейін жалғасады. Осы кезең аралығында төтенше жағдайдайлар қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.