Мерекедегі мерейлі марапат

Баршамызға мәлім биылғы жыл атаулы мерекелерге толы. Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толды.
Мерекедегі мерейлі марапат

Ата заң – тұрақтылық пен келісімнің сенімді кепілі. Оның әр бабы, әр тармағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени тұрғыда дамуына мүмкіндік тудырып отыр. Негізгі Заң аясында құқық-тық демократиялық мемлекет, мақсаты биік, әлемдік қауымдастықта беделді Қазақ Елі қалыптасты.

Татулық пен келісім символына айналған Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

 Осы мерейлі мерекелерге орай Текелі қаласының Тәуелсіздік алаңында салтанатты жиын өтіп, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медальдары табысталды.

Тәуелсіздік жылдарында қаламыздың дамып, өркендеуіне елеулі үлес қосқан аға буын өкілдері Е.Дүйсебаев, Б.Шалбаев, О. Кан және әр салада қызмет етіп жүрген азаматтар мерейлі марапатқа ие болды.

Қала әкімі Б.Өнербаев мерекелік құттықтауында халық игілігі үшін жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы атап өтіп, барша текеліліктерге табыс, амандық, жақсылық тіледі.

 Ұлжан Ұлдаханқызы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.