Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде 282 пәтер Талдықорған қаласының әкімдігіне қайтарылды

2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өз қызметін негізгі салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, халықтың мүдделерін қорғауға және бюджетке келтірілген залалдың алдын алуға бағыттайды. Өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде ұсынымдар іске асырылды. Нәтижесінде экологиялық бұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұл салынып, бюджет қаражатын қайтарылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде 282 пәтер Талдықорған қаласының әкімдігіне қайтарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаңында «Жетісу облысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру туралы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Оралбек Жұмағалиев және департаменттің бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев толығырақ айтып берді.
Спикердің айтуынша, облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына сәйкес, Талдықорған қаласы әкімдігінің жер учаскелерін беру саласында жүргізілген сыртқы талдау аясында анықталған жалған шешімдерінің фактілері қисынды қорытындыға ие болды. 
Жер инспекциясы жер учаскелерін жеке меншікке беру туралы 27 қаулының бұрмаланғанын растады. Қылмыстық іс қозғалды. Тұрғын үй секторында 2022 жылы тұрғын үй беру және басымдық мәселелерінде әлеуметтік шиеленісті жеңілдету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы  жүргізілді. 2023  жыл ішінде мемлекеттік тұрғын үй  қорына заңсыз берілген 71 пәтер қайтарылды, сотқа 200-ден астам талап-арыз  түсіп, заңсыз  кезекте тұрған 2664 пәтер тізімнен шығарылды.   
Баяндама бойынша жіберілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг материалдары қылмыстық іс қозғауға негіз болды. Оның  шеңберінде 1,3 млрд  теңгенің 282  пәтері әкімдік балансына қайтарылды. Білім беру саласы бойынша қала аудандарының 100% қамтылуы сыртқы талдаумен қамтамасыз етіліп, 270 млн. теңгеге жуық ұрлық әшкереленді.
Ішкі мемлекеттік аудит органдарының мәліметінше, қазірдің өзінде 89,6 млн. теңге өтелді. 3 аудан бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, бір іс сотқа жолданды.   
Әкімшілік  практика бойынша өндіріп алынған айыппұлдар сомасы 3 864 000 теңгеге жетті.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.